01.11.2025 ж.  жағдайы бойынша Қызылорда облысының қаржы нарығының жағдайы туралы

10

0

Фото: egemen.kz

Тұтыну бағаларының индексі

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес 2025 жылдың қазан айында республика бойынша инфляция 0,5%-ды (аймақ бойынша – 1,0%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 1,0%-ға (аймақ бойынша – 1,5%), азық-түлік емес тауарларға – 1,2%-ға (аймақ бойынша – 1,2%) өсті, ал ақылы қызметтерге – (-0,8%-ды) (аймақ бойынша – 0,0%) құрады.

Жылдық инфляция 12,6%-ды (аймақ бойынша – 11,3%) құрады. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 13,5%-ға (аймақ бойынша – 13,3%), азық-түлік емес тауарларға – 11,0%-ға (аймақ бойынша – 11,1%) және ақылы қызметтерге – 12,9%-ға (аймақ бойынша – 8,6%) өсті.

Банк секторы

2025 жылдың 1 қараша деңгейіне Қызылорда облысы аумағында 11 екінші деңгейлі банктердің 12 филиалдары және 1 «Қазпошта» АҚ филиалы, 3 уәкілетті ұйым, 5 микроқаржы ұйымдары, 8 несие серіктестігі, 2 ломбард қызмет атқарды.

Айырбастау пункттердің жалпы саны – 51, оның 36-і екінші деңгейдегі банк филиалдары, 12 – «Қазпошта» АҚ филиалының және 3 уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері.

     Банктегі депозиттер

2025 жылдың 1 қараша деңгейіне облыстағы депозиттердің жалпы мөлшері (ағымдағы шоттарды қоспағанда) 2024 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға өсіп, 441,7 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың салымдары 11,5%-ға азайып, 107,4 млрд. теңгені құрады. Жеке тұлғалалардың салымдары 24,1%-ға өсіп, 334,3 млрд. теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 22,5%-ға өсіп, 372,0 млрд. теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 2024 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,0%-ға азайып, 69,7 млрд. теңгені құрады. Теңгедегі депозиттер үлесі – 84,2%, шетел валютасындағы депозиттер үлесі – 15,8%.

2025 жылдың қазан айында ұлттық валютадағы депозиттердің сыйақы мөлшері – 12,3% (2024 ж. қазан айында – 11,0%), ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 1,8% (2024 ж. қазан айында – 2,5%) құрады.

Банк секторының несиелері

2025 жылдың 1 қараша деңгейіне банк секторының жалпы экономиканы несиелеу көлемі (жалпы қарыз) 866,1 млрд. теңгені құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға өскен). 

Жеке тұлғалардың несиелері бойынша қарыз 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,6%-ға артып, 802,2 млрд.теңгені құрады, заңды тұлғалардың несиелері 32,8%-ға өсіп, 63,9 млрд. теңгені құрады.

Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,0%-ға өсіп, 57,2 млрд. теңгені құрады. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 29,8%-ға артып, 808,9 млрд. теңгеге дейін өсті.

Банк секторының тұтынушылық мақсатындағы несиелері бойынша қарыз көлемі 22,4%-ға өсіп, 533,1 млрд.теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 61,5%-ды) құрады.

Банк секторының ипотекалық несиелері бойынша қарыз 22,2%-ға өсіп, 96,9 млрд. теңгені (жалпы қарыздан үлес салмағы – 11,2%-ды) құрады.

2025 жылдың қаңтар-қазан айында банк секторының берілген несиелер көлемі 655,3 млрд. теңгені құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ға өскен).

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендіру бойынша қарызы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге өсіп, 187,5 млрд. теңгені құрады. Жалпы қарыздан үлес салмағы – 21,6%.

2025 жылдың қаңтар-қазан айында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемі 152,8 млрд. теңгені құрады. 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 27,5%-ға өскен.

Банк секторының несиелері бойынша мерзімі өткен берешектер 1,9 есеге өсіп, 46,0 млрд. теңгені құрады. Жалпы қарыздан несиелер бойынша мерзімі өткен берешектердің үлесі 5,3%- ды құрады.

Тұтынушылық мақсатындағы несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер 34,8 млрд. теңгені құрады 2,2 есеге өскен. Мерзімі өткен ипотекалық берешектер 8,9%-ға өсіп, 0,2 млрд. теңгені құрады. Жалпы мерзімі өткен берешектерден ипотекалық мерзімі өткен берекшектердің үлес салмағы – 0,5%.

2025 жылдың қазан айында берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшері – 23,5%-ды (2024 жылы қазан – 20,3%), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несие бойынша – 28,4%-ды (27,1%), тұтынушылық мақсатында – 21,7%-ды (19,4%), ипотекалық несиеге – 8,9%-ды (6,2%) құрады.

Нақты шетел валютасының нарығы

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында айырбастау пункттері 86,6 млн. АҚШ долларын сатып, 31,3 млн. АҚШ долларын сатып алды. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АҚШ долларын сату көлемі 21,6%-ға төмендеп, АҚШ долларын сатып алу көлемі 1,0%-ға өскені байқалып отыр.

АҚШ долларын сатудың/сатып алудың орташа бағамы 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында АҚШ доллары үшін 526,00/518,33 теңгені құрады (2024 жылдың сәйкес кезеңінде – 462,85/458,63 теңге).

2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда еуроны сату көлемі 2,1%-ға (3,3 млн. еуроға дейін) өсті, сатып алу көлемі 27,4%-ға (1,1 млн. еуроға дейін) төмендеді. Еуроны сатудың/сатып алудың орташа бағамы еуро үшін 587,04/583,34 теңгені құрады (2024 жылдың осы кезеңінде – 503,20/492,59 теңге).

Ресей рублін сату бойынша операциялар көлемі де 43,7%-ға (202,9 млн. рубльге дейін), сатып алу көлемі де 34,3%-ға (542,9 млн. рубльге дейін) төмендеді. Рубльді сатудың/сатып алудың орташа бағамы 6,43/5,82 теңгені құрады (2024 жылдың осы кезеңінде – 5,09/4,35 теңге).

2025 жылдың қаңтар-қазан айларында қытай юандарын сату көлемі 22,5%-ға (297,5 мың юаньға дейін) өсті, сатып алу көлемі 29,9%-ға (196,5 мың юаньға дейін) төмендеді. Юань сатудың/сатып алудың орташа бағамы 77,13/68,80 теңгені құрады (2024 жылдың осы кезеңінде – 66,03/58,85 теңге).

         Төлем карточкалары

2025 жылдың 1 қараша деңгейіне Қызылорда облысында айналымдағы  төлем карточкалары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%-ға өсіп, 3 133,3 мың бірлікті құрады.

Облыс бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету инфрақұрылымы жайлы жалпы көрініс: POS-терминалдар саны – 39 201,0 бірлік (+10,9%), банкоматтар – 414,0 бірлік (+2,5%), кәсіпкерлердің саны – 28 235,0 бірлік  (-9,4%). Төлем жүргізу үшін карточкамен қабылдайтын сауда кәсіпорындарының саны 32 223,0 бірлікке дейін артты (-3,8%).

2025 жылдың қаңтар-қазан айы бойынша төлем карточкаларын қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 303 680,8 мың транзакциялардың  (2024 жылдың cәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға өскен) көлемі 2 898,5  млрд. теңгені құрады (14,6%-ға өскен).

2025 жылдың қаңтар-қазан айында Қызылорда облысы бойынша қолма-қол ақша алу операциялары 4,0%–ға азайып, 6710,7 мың транзакцияның көлемін көрсетті. 2,5%–ға көбейіп, 592,1 млрд.теңгені құрады.

Толық мәліметтерді төмендегі телефондар бойынша алуға болады:

+7(724) 255 15 22

+7(724) 255 15 23

e-mail: kuz_80@nationalbank.kz