Halyk Bank жеке кәсіпкерлерге тиімді қызмет түрін ұсынды

1309

0

Halyk Bank жеке кәсібіңізді дамыту үшін үйіңізден шықпай-ақ несие алуға мүмкіндік берді.

Halyk Bank Қызылорда облыстық филиалының директоры Алмат Данкеновтің айтуынша банк шағын және орта бизнесті дамыту саласына да көмектеседі. Банктен 5 минуттың ішінде 17%-бен кепілсіз несие рәсімдей аласыз. Тек кәсібіңіз 6 ай бұрын ашылған болуы керек. 24 айға бөліп 30 млн теңгеге дейін кредит алып, кәсібіңізді кеңейтуге зор мүмкіндік бар.

Сондай-ақ банк жеке кәсіпкерлерге небәрі 5 минутта шот ашатын қызмет түрін ұсынуда. Заман ағымына ілесе білген банктің бұл қызметі тәуліктің 24 сағатында қолжетімді.

«Бізде банк қызметін цифрландыру сапалы әрі қолжетімді. Әлемді жайлаған пандемияның әсерінен барлық сала онлайн режимге көшті. Мұндай қиын жағдайда біздің банк тұтынушыларға дер кезінде қолайлы қызмет көрсете білді. ONLINEBANK қызметінің бір түрі үйден немесе кеңседен шықпай-ақ қаржылық аударымдар мен шот ашу жұмыстарын клиенттеріміз тиімді пайдаланып жатыр. Кезексіз және ХҚКО-ға және салық органдарына бармай-ақ кәсіпкерлікке немесе жеке шотыңызды ашуға болады. Ол үшін банкке келіп, кепілдік немесе қосымша құжаттар ұсынудың қажеті жоқ. Тек ұялы телефоныңызға бір ғана қосымшаны жүктеп алсаңыз болды. Сіз банктің ресми сайтына кіріп бұл қызмет түрімен таныса аласыз» ,- дейді Алмат Данкенов.

Бизнеске арналған сервистер

  • Қызметкеріңізге арналған жалақылық карталар
  • Қызметкеріңізге карта ашып, жалақыны онлайн 24/7 тәртібінде төлеңіз.
  • Halyk Bank картасы арқылы жасалған төлемге 25%-ға дейін бонус алыңыз

Онлайн бухгалтерия

  • Есепті өз бетінше тапсыру-оңай!
  • Бизнесіңізді дамыта беріңіз, ал біз салықты есептеуге көмектесеміз

Онлайн инкассация

Қолма-қол ақша мен құнды қағаздардың тасымалдауын онлайн тексеріп отырыңыз

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<