КӨКӨНІС ТҰТЫНҒАННЫҢ КӨҢІЛІ ТОҚ

988

0

КӨКӨНІС ТҰТЫНҒАННЫҢ КӨҢІЛІ ТОҚ Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында аурудың алдын алудағы ақпараттандыру жұмыстарын жетілдіруге үлкен мән берілді. Өзін-өзі сауықтыру, қимыл қозғалыстың болуы, гимнастика, жаяу жүру, әсіресе салауатты тамақтану – ағзаны сауықтырудың басты шарты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының деректері бойынша, адам денсаулығы өмір сүру салтына, қоршаған ортаға, генетикаға көбірек тәуелді, ал, денсаулық сақтау ұйымдарына 10 % ғана тәуелді болады екен.  

«Ауру-астан» деп халқымыз айтқандай, дұрыс тамақтанбау салдарынан, бос радикалдардың көбейіп зат алмасудағы ауытқулар яғни метаболиттік синдром артериалды гипертензия, инсульт, инфаркт, қант диабеті, артроздар, онкологиялық ауруларға тікелей себепкер болып отыр. Метаболиттік синдром дегеніміз ағзаның шлактанып, ластануы, бауыр мен бүйрегіміздің баттасып, қан тамырларымыздың тарылып, бітеліп қалуы, тоқ ішегіміздің қатып, қанның қоюланып, қышқылданып, ацидозға ұшырауы.

Үнемі ашуланып, қайғыра беру, әсіресе отбасындағы ұрыс-жанжалдары, ұзаққа созылған күйзелістер иммундық жүйенің қатерлі ісіктен сақтандыратын жасушаларды бөліп шығаруын тоқтатады. Бұл онкологиялық аурулардың бас көтеруіне тікелей себеп болады. Нәрестелердің шала туылуы, сүйек ақаулары мен мешелге шалдығуы ана ағзасында қажетті дәрумендердің жетіспеушілігінен болады. Ағзада мыс, күміс, алтын жетіспесе, адам шашы мезгілінен тез ағарып кетеді. Бор жетіспеушілігі әйелдерде эстроген, ерлерде тестестерон гормондардың тапшалығына әкеледі. Мырыш жетіспесе, дәм сезбейсіз. Ал бір кальцийдің жетіспеушілігінен остеопороз-артроз, артериалды гипертензия, ревматизм, бронхиалды астма, гемморой, бауыр мен бүйректегі тастардың пайда болуы сияқты 147 ауру туындайды екен.

Тұз бен қантты көп пайдалану тәбетті арттырып, қан тамырларын бітеп тастайды. Бұл аллергия, тамырлардың варикоз ауруы, семіздікке алып келеді.  Алла кешірсін, ақ нан, ақ тұз, ақ қанттан басқа көкөніс жемейтін қазаққа «ақ өлім» келіп жатыр.

Скрининг тексерулерден өтіп, жан мен тәнді бірдей сауықтыруға күш салуымыз керек. Адам жанын емдемей, тәнін емдеуге болмайды. Жан азығы –иман нұры.

Тұз бен қантты пайдаланбай, қуырылған сүрленген тамақтардың орнына бұқтырып не суға пісіріп жеу. Қанттың орнына өрік, мейіз, құрма, кепкен жемістер, жаңғақ, балды пайдалануға болады. Ақ нанның орнына қара нан не жүгері нанын жеу аса пайдалы.

Дәрігерлер пірі Хакім Ұлықпан екі нәрсені, Құдайды және өлімді ұмытпа деді.  Алла қасиетті Құранда еттен бұрын жемістерді жеу керек деді. Тез жазылып кетемін деген ниеттің өзі аурудан жазылып кетуге болатынын дәлелдеді.  

Бөлтірік шешен жан мен тәнді бірдей сауықтыру үшін жеті нәрседен қашық жүр деген. Данышпан адамның салауатты өміріне – күншілдік, астамшылық, қараулық, бәлеқорлық, ынсапсыздық, сараңдық, ғайбатшылық деген жаман қасиеттердің кедергі келтіретінін болжаған.

 Гиппократ «Ішкен тамағың дәрі болсын, ал дәріңіз тамақ болсын» – деді. АҚШ профессоры Митчелл Құдайға құлшылық жасап, дұға оқу көмегімен 500 аурудың сауығып жақсарғанын айтқан. Ізгі дұға оқу судағы зиянды бактерияларды жойған.

Қорыта айтқанда, Құдайға күніне бес рет құлшылық жасау секілді күніне бес рет көкөніс жеу – денсаулық сақтаудың басты кепілі.

          

                                                                          Қойлыбай Бекпейісов,

                                                                                    дәрігер-травматолог.

  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<