Мәдениетті кім?

629

2

Мәдениетті кім? Дағыстанда лак дейтiн аз санды ұлт бар. Ол ағайындар аздығына қарамай дүниенiң төрт бұрышына шашырап кеткен. Негiзiнен, қолөнершi халық.  Таулықтар: «Қарбызды тiлгенде абай бол, iшiнен лак шыға келмесiн», – деп  әзiлдейдi екен.

Алыс сапарға, жат елге ұлын аттандырып тұрып анасы: «Үлкен шаһарда көппен бiрге ас iшкенде абай бол, арасында өз қандасың болуы мүмкiн», – деп өсиет айтады.

Лак халқының үлкен ақыны Әбутәлiп бiрде Мәскеуге барыпты. Көшеде келе жатып көлденең жолыққан адамнан базардың қайда екенiн сұрайды. Ол ағылшын екен. Әбутәлiптiң айтқанын түсiнбеген еуропалық ағылшынша, французша, испанша ұғыспақшы болады. Өкiнiштiсi екеуi тiл табыса алмаған.

Осы оқиғаны естiген шала оқымысты дағыстандық туысқан Әбутәлiпке қаратып:

– Мәдениет деген сол. Егер сенiң мәдениетiң жоғары болғанда ағылшынмен сөйлесер едiң, – дегенде, Әбутәлiп оған:

– Дұрыс айтасыз, бiрақ ол ағылшын менен мәдениеттi емес шығар. Ол да мен айтқан авар, лак, тат, құмық тiлдерiн түсiнбедi ғой, – дептi.

Дайындаған

Рүстем АЙБОЛАТ,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<