ҚҰРМА АҒАШЫ

2586

0

ҚҰРМА АҒАШЫ Алла топырақты елеп, Адам атаны жаратқан соң, електен қалған топырақтан құрма ағашын жаратқан. Адам мен құрма ағашының арасында керемет ұқсастық болатын себебі сол.
Біріншіден, құрма ағашының орта жасы 60 жас шамасы, одан да ұзақ жасайтындары жүз жыл тұрады. Құрма ағашы да аталық, аналық болып бөлінеді. Аталығының жапырағы адам шашы секілді тік және қысқа келеді. Сондай-ақ, ол тозаңдану арқылы емес, ұрықтану арқылы көбейеді. Жас ағаш ана құрсағы секілді бүйірден томпайып өсіп шығады. Белгілі уақыттан соң бағбан оны ағаш бүйірінен бөліп алып, жақын жерге отырғызады. Егер бөлініп алған ағаштан, яғни, аналықтан алыс отырғызылса, көбеймей, өліп қалады.
Құрма ағашының жоғары жағына адам басы сияқты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Оны «жумра» дейді. Өзге ағаштар жоғары жағын кесіп тастасаңыз, жанынан бұтақ өсіп, көктеп кете береді. Құрма ағашының жумрасын кесіп тастасаңыз, қурап қалады. Қазақтың «жұмыр басты пенде» дейтін сөзінің төркіні міне, осында.
Шынында, бұл – құрманың қыр-сырын білмейтін біз үшін тосын сыр. Біздің білетініміз, ораза айының әр кешінде дастарханымызда құрма жемісі тұрады. Молдалар сумен емес, құрмамен ауыз ашудың сауабы мол екенін айтады. Ал, медицина күні бойы ас түспеген, қабысып-бүріскен ішектерді алдымен сумен тазалап алу керек деген ұстанымда болады. Бірақ, олар құрма ағашының да адам секілді күн сайын су ішетінін ескермейді. Яғни, құрма ауызға түсісімен бірден суға айналып, ағзаға өте жылдам таралады. Ағза басқа азықтың 100-ден 10 бөлігін ғана қабылдап, қалғанын сыртқа шығарып тастайды. Құрма керісінше өз құнарының 90 бөлігін қанға таратады.
Құрманың мұнан да басқа құпиялары бар.
Оны қарилар ғана біледі.
Дүйсенбек АЯШҰЛЫ,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<