Шынында Жайылманың қарбызы ма?

482

0

Шынында Жайылманың қарбызы ма? Қарбыз пісті, базарға түсті. Жадырап жаз келсе, шөліңді басар шырынды қарбызды қаланың әрбір сауда нүктесінен табасыз. Әйткенмен, «Қай жақтікі?» деп сұрай қалсаң, «Жайылманың қарбызы» деген жарнамасы жер жарып тұр. Десе де, жаңақорғандықтар жайылмалық қарбыз әлі облыс орталығына келіп үлгермегенін айтады.

– Қазір базардағы қарбыздың дені Өзбекстаннан, Сарыағаштан келген. Саудагерлер өткізу үшін атағы шыққан Жайылманы алға тартады. Сонан соң ондағы қарбыздың бәрі экспортқа кетті деуге болмайды. Сыртқа кететін қарбыз көлемі 5 мың тонна шамасында. Ал бізде әлдеқайда көп, 1 гектардың өзінен 20 тонна өнім алып отырмыз. Жыл бойы экспортқа шығару үшін сақтайтын орын болмай отыр, – деді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жаханов.

Дәулет ҚЫРДАН.

Шынында Жайылманың қарбызы ма? 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<