СИФРЛАР СЫРЫ ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАҚТАСЫ

1781

0

СИФРЛАР СЫРЫ ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТАҚТАСЫ Сифр – жазу негізінде пайда болған жаңалық. Сифр сөзінің төр­кіні арабтың «әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын, «сунья» деген сөзінің аудармасы екен. Ғылым мен өнердің өркендеген дәуірінде мате­ма­тикалық еңбектер латын тілінен аударылып, «сифр» сөзі сол қалпы қалдырылған. Тек алғашқы әрпі ғана «ц» болып өзгертілген. Біз өз­гер­тіл­меген әу бастағы тұлғасымен айта бер­­мекпіз, себебі қазақ тілінің қалы­бында «ц» дыбысы жоқ. Сондай-ақ, «сифр» мен «сан» ата­уын да алмакезек қолда­намыз.
Күнделікті өмірімізде қол­да­ны­латын сифрлар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын Үндіс­танда пайда болған деседі. Әуелі олар сызықшамен бел­гі­ленген. Адам баласы қазіргі біз түсі­нетін сифрларды үйрену үшін талай ғасырларды бастан ке­шір­ген. Әуелі олар табиғи, натурал сандарды (1-ден 9-ға дейін) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан бастап сандарға ұлы төң­керіс жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелер өмірге келген. Расында, 0-ді ойлап тапқанға дейін адамдар қатты қиналған. 0-ді кімнің ойлап тапқаны туралы тарих жады жоқ. Сол кезде адамдар қалай санаған: 9-ға дейін санап келіп, «бір 9», «екі 9», «үш 9…» деп жалғастыра берген. Мысалы дәл осылай санау қазақта әлі бар, мұны дәстүріміздегі құдалық кәделерден көре аласыз. Құ­да­ларға киім-кешек, мата-тауардан тоғыз жасау жоралғысы осылайша саналады. Ал, «бір тоғыз», «екі тоғыз» деу 0-дің қатарға қосылумен байланысты «он», «жиырма», «отыз» деген сияқты басқа атауға ауысқан.
Бір қызығы, «бір тоғыз» «екі тоғыз» түрінде санау орыс тілінде «бір он, екі он» түріне көшіп алған. Двадцать (два десять), тридцать (три десять), пятьдесять (пять десять)… осы секілді. Бұлайша санау қазақта сексен (сегіз он), тоқсан (тоғыз он) сандарында ғана кірігіп ұшы­расады, неге, бұл да өз алдына бір қызық.
0 пайда болған соң, бірнеше орынды сандар сап түзді. Оған дейін адамдар ондық жүйемен ғана күнелтіп келген. Өйткені адамда 10 саусақ бар. Сол себепті саусақпен санау ең тиімді тәсіл еді. Алайда, бірнеше орынды сан­дар белгілі болған заманда ақылдылар қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, көбейту үшін де пайдалануға болатынын ойлап тапты. Мысалы 9-ға кө­бейтуді қолданып көрелік. Екі қолыңызды алдыңызға ала­­­­қандап қойып алыңыз. Сосын саусақтарыңызды оң жақ­тан бастап санайсыз. Қай­сы­бір санды 9-ға көбейту үшін тиісті саусақты бүгу керек. 7-ні 9-ға кө­бейту үшін же­тінші сау­са­ғыңызды бүгесіз. Енді оң жақтан 6 саусақ және сол жақта 3 саусақ қалды. Осы 6 мен 3-ті қатар­лас­тырсаңыз екі орынды 63 саны шығады, яғни, есептің жауабы табылды.
Енді шамалы сифрлар сырына тоқталып өтейік.
0. Бұл – абсолюттік символы. Шексіздік белгісі және жара­тыл­ма­ған әлемнің саны болып табылады. Барлық зат­тардың бастамасы. Жаңа айт­тық, 0  өмірге келгенше адам көп орынды сандарды жазуға қатты қи­налған.
Осы тұста қазіргі бір жағ­дай­ға жанашырлықпен қа­­­рап жүр­ге­нім­ді қайда қоя­йын. Ол осы 0-ге қатысты. 0 басқа цифрдан үтір­мен ажы­ратылғанда (5,0) оқыл­майды. Оқыл­майтын болса, оны газет бе­тіне жазудың маңызы да жоқ. Ал, баспасөзде үтірмен ажыратылған 0-дер толып жүр. Журналистер үтір­ден кейін келетін 0-дің есеп-қисап қыз­­мет­керлеріне ғана керек екенін ескерсін.
1. Бір саны мұсылман ұғы­мында Алла жалғыз, Алладан басқа тәңір жоқ дегеннің белгісі. 1-дің таңбасы да араптың «А» әрпімен бірдей. Қазақтың «әліп­ті таяқ деп білмеу» сөзі дәл осы 1-ге қатысты. 1 – қай тілде болсын, бірлік сөзінің түбірі. Адам өмірін басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. Өйткені бәріміз де Құдайға жақын­дауды, оның рахымы мен ризығына бөле­нуді жақсы көреміз. Мұндай ны­ғыметке ие болу үшін Құ­дай­­дан қорқу керек. Біз қай нәрседен қо­рық­сақ, сол нәр­седен қашамыз. Керісінше, Құ­дайдан қорқу арқылы оған жа­қын­дай түсеміз.
2. Күні-түні демалмайтын екеу: ай мен күн. Қосылу, то­лық­­тыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Мұсылман ға­лым­дары 2-ні сәждеде тұрған адам бейнесі деп түсіндіреді.
3. Жалпы түркі халық­та­рында, соның ішінде қазақ хал­­қында үш саны қасиетті деп есептелінеді. Адам атаны жаратқанда жіберілген үш қа­сиет: ақыл, ұят, сабыр. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл. Үш жүз: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш құсты – аққуды, қарлығашты, бай­ғызды өлтіруге болмайды. Үш адамның ниеті бұзық: өтірік ай­татын, сөзінде тұрмайтын, ама­натқа қиянат жасайтын.  Қа­зақ­тың үш биі: Төле, Қазы­бек, Әйтеке.
Үш саны қытайлардың тү­сіні­гінде Марс арқылы бас­қа­ры­лады және жалынға теңеледі. «Өсу» сөзі­нің синонимі.
4. Қазақта төрт құбыласы сай, яғни, «алтау ала болса – ауыздағы ке­теді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді». Бұл сан тұрақтылық пен беріктіктің, әділдіктің белгісі болған. Әлем­нің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауа­ны білдірген. Төрт кітап: Мұ­са­ға Тәурат, Дәуітке Забур, Иса­ға Інжіл, адамзаттың соңғы Пай­ғам­­бары Мұхаммедке Құ­ран түс­кен.
Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір күнкөріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету мүмкін емес. Ал, әлгі айтып отырған қытайларымыз 4 деген саннан өлердей қорқады-мыс. Мәселен, Қытайда үйдің нөмірі 4 санына сәйкес келсе, 3+1 деп таң­ба­ланады екен. Бұл елде автокөлік нөмірлеріне 4 саны қо­сылмаған. Төрт­пен байланыс­ты 14, 24, 44, т.б. сан­дар да сәт­сіздікке әкелетін нөмір деп та­ныл­ған.
Естімеген елде көп деген, ә?!
5. Бес жоғарыда айтылған төрт бастаманың ортасында орна­ласып, жан-жағын бас­­қа­рып тұрады. Қазақ бес нәр­сені – бұлттың көлеңкесін, ең­бек­сіз келген байлықты, тұр­лау­сыз­дың достығын, жал­ған мадақты, опа­сыздың махаббатын баянсыз деп түсінген. Қазақ халқы тіл­ді, дінді, тарихты, дәстүрді, атамекенді – бес анық деп атаған.  
Абай хакімнің «Талап, ең­бек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, ерін­шек, бекер мал шашпақ – бес дұш­паның білсеңіз» де­уінде қан­дай терең мән жатқанын ұға бергейсіз.  
7. Енді мен бірден 7 санына кө­шейін және сонымен аяқтайын, бәрін тізе беріп, жаңалық ашып жатқаным жоқ. Негізі айтпай бара жатқан 6-мыз да жақсы сан емес. «Алтау ала болса» дейді қазақ, алалықты неге алтымен байланыстырады, тегін емес, әрине. «Алты аласыз» дейді бөтен біреуді, айта  берсек көп, тіпті мұсылман ұғы­мында 6 саны басымен жерге қарап тұрған адам, яғни өлген кісі. Жарайды…
Қазақтардың таным-түсі­ні­­­гінде жеті санының алар орны ерекше. Жер жүзін мекен­де­ген халықтың көбісі, соның ішінде қазақтар ерте кезден-ақ жеті санында си­қырлы күш бар деп санаған. Біздің ата-бабаларымыз жеті ­санын өте ерекше қастерлеген. Бұл тұр­мыс-салтымыздан да оңай аң­ғарылады. Құранда «жұ­мақ» сөзі 77 рет айтылған. Адам­дар­дың 7, 77, 777 сандарын неге жақ­сы көруінің төркіні қайда жа­тыр.  
Сонымен бірге қазақта жеті ата, жеті қазына деген секілді ұғым­дар да бар. Енді, әлгінде айт­қан­дай, сан-саққа жүгіртіп, басқа сандарды қозғамай-ақ қояйық. Сан­дардың осындай қа­сиеттері мен жұм­бақ­тарын адам тағдырымен бай­ла­ныс­­тыра тар­қа­татын нумерология ғы­­лы­мы бар. Ал, оның ақи­қатпен қан­­ша­лықты қабы­­са­­тынын әр­кім өзі сараптай берсін.
Мен айтпақ болған негізгі ойыма енді жеттім.
Сифрлар тарихы туралы деректерге қарап отырсам, есепті Мысыр елі, үнді, қытай секілді халықтардың ойлап тапқаны байқалады. Сонда біздің хал­қымыз ештеңе есептемеген бе? Ендеше «есепті дос айрылмас» деген пәлсапа қайдан шыққан?
Ал, қазақтың тоғызқұмалақ ойы­ны ше? Бүгінде бұл ойын­ның терең сырын білетін ата­­ла­рымыз жоқ. Мәселен, то­ғы­з­­­құмалақ тақ­та­ла­ры­ның «көз­­­тимес», «құлақ естімес», «көк­­­пен үндес», «үн­демес» деген атауларға бө­лі­нетінін бү­гінгі ойын­шылар білсе керек. Баяғы аталарымыз «көзтимес» тақ­­тасы арқылы жара­тылыс сы­рына бойлай білген, «құлақ естімеспен» маусымды, амалды, жыл қайыруды білетін ойыншылар ойнаған, «көкпен үндесте» аты айтып тұрғандай жұлдыздар сырын білетіндер ойнаған және ойын арқылы жұлдыз сырларын аша түс­кен. Ал, «үндемес» – қарапайым тақта, бұл тақтада есепке жүй­рік, бірақ басқамен шаруасы жоқ кісілер ойнаған. Біздің бү­гінгі чемпиондарымыз шамамен осы «үндеместің» үстінде жүр­ген сыңайлы.
Тоғызқұмалақ ойыны тәуел­сіз­дік алған жылдардан кейін ғана спорт түрі ретінде арнайы есепке алынды. Кейін оның стратегиялық, так­тикалық әдіс­терін компьютерлік бағ­дар­ла­маға енгізбек болғандар бұл ойынның шахматтан да күрделі еке­нін болжап, таңғалысқан.
Ұлы даланың бір қыры осы – тоғызқұмалақ.  
Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» аталатын бағдар­ла­ма­лық мақаласында түп тамырымызды білуге, ұлт­тық тарихымызға те­рең үңілуге үн­­деді. «Уақыт пен кеңіс­тіктің көк­жиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес» – деді.
Демек, барлық құбылыс пен оқи­ғалардың өлшемінде қа­зақ халқы өз орнын даралай білген ерекше дарынды ұлт болған. Біздің әрбіріміз ұлт тарихын бойға сіңірген кез­ден бас­тап, ұлы санаға бойлап, ұс­ты­ны­мыз­ға көше бас­тамақ­пыз.
Мұның алғышартының бірі – ұр­пақ тәрбиесі екендігі талассыз.
Әңгіме осыған келгенде тоғыз­құмалақ ойынымен әлем­­­­дік деңгейде танылып жүр­­­ген Әсел Дәлиева се­кіл­ді өрен­де­рі­мізді ойлап, «ата қа­сиеті жұ­ға бастаған» ұрпа­ғы­мыздың өс­іп келе жатқанына шүкірлік ете­мін.
Әзірге – осы.

Дүйсенбек АЯШҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<