KMF клиенттері арасында миллион ойнатады

614

0

KMF шағын және орта бизнесті қолдап, дамыту мақсатында KMF-Qoldau атты науқанды бастады, оның шеңберінде ақшалай жүлделер ойнатылады. Науқанға қатысу үшін бизнесті дамыту мақсатында 1 млн теңгеден жоғары сомаға микрокредит рәсімдеу қажет. Науқан 7-қазанға дейін жалғасады.

Жеңімпаздар кездейсоқ түскен сандар генераторының көмегімен Instagram-дағы @kmf_kz парақшасында тікелей эфирде анықталады. Науқанда жеңіске жеткен клиенттерге миллион теңгенің сертификаты табыс етіледі, олар оны KMF-тің кез келген бөлімшесінде қолма-қол ақшаға ауыстыра алады, бұл жүлде кәсіп үшін таптырмас көмек болмақ!

«Біздің компания көп жылдан бері бизнеспен жұмыс істейді. Біз клиенттерімізді бонустарымызбен, науқандарымызбен және сыйлықтарымызбен үнемі қуантамыз. KMF-Qoldau – әсіресе ауылдық жердегі кәсіпкерлер үшін тамаша қолдау болмақ. Себебі біз бұл науқанды бизнестің нағыз қызған шағында, яғни егін алатын кезеңде бастадық. Бұл кезеңде клиенттеріміздің қаржыландыруға деген сұранысының өсетінін байқадық, сол үшін де тамаша бонус – ақшалай жүлденің ұтыс ойынына қатысуды ұсынып отырмыз», – дейді KMF басқарма төрағасының орынбасары Күлсара Сапарбекова.

Микрокредитті бөлімшелерде, сондай-ақ KMF мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. KMF-Qoldau науқанының ұтыс ойыны қазан айында өтеді. Науқан туралы толығырақ KMF сайтында немесе 7474 номеріне хабарласып білуге болады. Компанияның байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

KMF – микроқаржыландыру саласындағы ең ірі компания. Бизнеспен 25 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді, ауылдық кәсіпкерлікті және әйелдер басқаратын кәсіпорындарды дамытып, қолдайды. Еліміз бойынша кеңінен тараған бөлімшелері тіпті ең шалғай орналасқан елдімекендерді де қолжетімді қаржыландырумен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. KMF-тің 15 филиалы мен 120 сату нүктесі бар.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<