ЯКОВ КЕДМИ СТАЛИН ТУРАЛЫ НЕ АЙТТЫ?

857

0

ЯКОВ КЕДМИ СТАЛИН ТУРАЛЫ НЕ АЙТТЫ? Ресейдің «Россия-1» телеарнасы апта сайын «Вечер с Владимиром Соловьевым» атты саяси-аналитикалық хабар жүргізеді. Сол хабарға әлемдік деңгейдегі саясаткерлер қатысады. Солардың бірі израилдік саяси сарапшы, қоғам қайраткері Яков Кедми. Жуырда хабар жүргізуші Владимир Соловьевтің Кедми мырзаға: «Сталин кім болды?» деген сауалына ол былайша жауап берген еді.
Яков Кедми: – Сталинге неге осылай қарайды дейсіз бе?! Жалпы, Ресей таңғажайып ел. Бүгінде әлемде өз тарихын таптап, оны соншалықты ластауды жақсы көретін, сонысымен аяғының батпағын тазалағысы келіп тұратын Ресейден басқа бірде бір мемлекет жоқ. Сіздердің өз тарихтарыңызға жала жауып, оны сілкілеп, жұлып дегендей барлық күнәні соған жапқан бірде бір билеуші болған емес. Бірде-бір! Бұл бірінші себеп.
Екінші себеп: Сіздер тіпті тарих мәселесіне байыпты қараған емессіздер. Не болды, ол қандай тарих еді? Сіздердің елдің тарихы қандай болды? Бес, он, жиырма жыл бұрын дегендей. Оны өздеріңіздің тар көрпеңізге қарай бейімдеп тартып, насихат құралына айналдырасыздар. Тарих осындай болған соң әлбетте, сіздер ешқашан шындықты біле алмайсыздар.
Сталинді халық неліктен жақсы көреді деген мәселе туралы. Сталин өз елінің мүддесін ойлаған ең соңғы мемлекет қайраткері болды. Одан кейін өзінің жеке мүддесіне, байлыққа, өз ыңғайына бейім тұрған, оған түкіргенім бар дейтін бірде бір билеуші болған емес. Сіздер Сталиннің әрбір іс-әрекетіне қарап баға беруге ешқашан уақыт тапқан емессіздер. Сталин қатыгез болды. Бірақ қатыгездік оның өз мақсаты емес, қаруы еді. Себебі басқасын таппады. Ал басқасын таба алар ма еді? Сталиннен басқа балама болды ма? Кім? Троцкий? Троцкийдің Ресейге түкіргені бар. Қатыгездік жөнінде айтсам, Сталинді Троцкийге қарағанда бала деуге болады.  Жай сөзбен айтқанда Троцкий паталогиялық қатыгез. Енді балама туралы. Троцкийдің Ресейге түкіргені бар. Шыққан тектеріне қарамастан большевиктердің 90 пайызы, орыстар да сондай болды. Ресейге жол ашқан бірден-бір адам Сталин еді. Грузин семинарисі, ол Ресейді сүйді.
Ол басқа әдісті тапты. Ал одан басқа әдіс бар ма еді өзі? Мен білмедім. Сталинді кінәлайтындар оның сауатсыз Ресейдің өз халқын табалайтын, оны білгісі келмейтін интеллегенциясы, құл халқы, французша, немісше білетін, орыс тіліне түкіріп қарайтын аз ғана интеллигенциясы бар мемлекетті басқарғанын білгісі келмейді.
ХХ ғасырдың басында құрылған жаңа кеңес қоғамымен басқаша не істеуге болар еді? Сталинді колхозшыларға, мұжықтарға істегені үшін кіналайды. Ол осылай істемегенде 1941 жылы Кеңес Одағы қалай соғысар еді? Мұжықтың аты мұжық. Сталин: «Біз мұжыққа ақша бердік, ал ол нанын бермейді» деді. Себебі ол мұжық, ол – надан. Сондықтан басқа амал болмады. Басқа билікпен сол уақыттағы халықпен, сондай әдіспен елді индустрияландыруға болатын ба еді? Басқа билікпен жүзеге асыра алар ма еді? Жоқ. Ол кезде Ресейде демократия болмаған, ол еш жерде де болмады. Сен халықтың еркін болғаны туралы айтасың. Сауатсыз халық еркін бола алмайды. Құлдар бірінші ұрпағында еркін бола алмайды. Сондықтан сол уақытта Ресейде оны сақтап қала алатын билік болды. Басқа билік болғанда Ресей де болмас еді.

Аударған Ж.АҚСАҚАЛОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<