Жалған ақпарат жарға жығады

556

0

Жалған ақпарат жарға жығады Әлеуметтік желіде ақпараттар ағыны өте көп. Оның рас-өтірігін анықтау да қиын. Тіпті, кейбір жалған ақпаратқа шынымен сеніп қаласыз. Әсіресе, қоғамда маңызды мәселе қозғалған тұста, оны дүрліктіріп жіберетіндер қатары көбейіп барады.

Мәселен, соңғы күндері WhatsApp желісінде алдағы жылдан бастап төленетін жәрдемақыға байланысты 1 және 3 баласы барлар да құжат тапсыра алады, әрі құжат тапсырудың уақыты шектеулі деген қауесеттер таралуда. Бұл ақпарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі де жоққа шығарды. Соның өзінде халыққа қызмет көрсету орталығына  құжат өткізуге барғандардың қарасы көп. Осы ретте жергілікті  мамандар да бұл ақпараттың жалған екенін айтуда.

– Әр балаға жәрдемақы бері­­леді не құжат қабылдау уа­қыты бітіп қалады деген хабар еш шындыққа жа­нас­­пайды. Негізінен 2020 жыл­дың 1 қаңтарынан бас­тап төрт және одан да көп бірге тұра­тын кәмелетке толмаған баласы бар немесе күндізгі оқу бөлімінде оқитын 23 жас­қа дейінгі студенттері бар отба­сыларға мемлекеттік жәр­демақы төленеді. Біздің өңірде мұндай санаттағы арнау­лы жәр­демақы алатындардың саны 16826-ны құрайды. Есепте тұрған бұл адамдар автоматты түрде жәрдемақыға ілінеді. Сондықтан оларға құжат тапсырудың қажеті жоқ, – деді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыс бойынша департамент басшысының орынбасары Лиман Боранбаева.

Осы жерде құжатты кімдер тапсырады деген сауал­дың туындайтыны анық. Л.Боранбаеваның айтуынша, заңға өзгеріс енуіне байланысты 2018 жылы төрт бала туған анаға ай сайынғы төленетін жәрдемақы төлеу тоқтатылған болатын. Осыған орай  қазіргі уақытта  2018-2019 жылы төртінші сәбиі дүниеге келген 5915 отбасы ғана құжат тапсыруда. Сондай-ақ, баласы 18-ге толып, күндізгі оқу бөлімінде оқып жатқандар анықтама әкелуі, мекен-жай бойынша әр жерде орналасқандар, отба­сы мүшелерін бір жерге біріктіруі тиіс. Бұлар дұрысталмайынша оларға жәрдемақы бекітілмейді. Құжат тапсыруда шектеулі уақыт жоқ. Кез келген кезде келіп тапсыра алады. Өтініш берілген күннен бастап жәрдемақы төленеді.

Қысқасы, жал­­­­ған ақпарға байланысты дау­ры­­ғудың еш қажеті жоқ. Сол се­бепті, әрбір азамат ақ­па­­­рат таратпас бұрын оның қыл­­мыс­тық жауапкершілікке түрт­кі болатындығын ескергені жөн.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<