1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 42 мыңға дейін өседі

45

0

Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды деген сөз. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы орта есеппен 35 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
Осы орайда жалақысы аз қызметкерлердің жалақысын көбейту бойынша ірі компаниялармен жұмыс жүргізілуде. Жалақылары төмен денгейдегі қызметкерлердің санын, жалақыларының көлемін анықтау және қөтеру бойынша түсіндірілуде.
Айта кету керек, аймақтағы 42 ірі және орта кәсіпорындар арасынан 6 кәсіпорын 572 қызметкерлеріне жалақысын 49 080 теңгеден 55 570 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз