«1 млн теңге»: Мадина Сәдуақасова су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті

455

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова елімізде болып жатқан жағдайға бей-жай қарамай, су тасқынына зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетті. Өнер иесі ақша жинаумен айналысып жатқан танымал қорға 1 млн теңге аударған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова қиын жағдайда қалған отандастарына қол ұшын созып, гуманитарлық көмекке қомақты қаржы аударды.

Шоу-бизнес жұлдызы бұл туралы Instagram парақшасында хабарлады.

Өнер иесі бұл тек бастамасы екенін алға тартып, халыққа көмектесуді әлі жалғастыратынын жеткізді. «Елімізде бұндай табиғи апат бұрын- соңды болмаған. Бұндай қиын кезеңдерде бір бірімізге қол ұшын беріп, демеу болайық.

Суға кеткен өңірлерде құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан азамат пен азаматшаларға мың алғыс. Гуманитарлық пен қаржылай көмек көрсетіп жандарға Алла разы болсын! Біздің отбасы да өз үлесін қосып, қорға 1 млн теңге аудардық! Бұл тек бастамасы, қолымнан келгенше, әлде де көмек беруді тоқтатпаймын, жалғастырамын. Аллам Қазақстанның әр өңірін табиғи апатынан сақтасын», – деп жазды әнші.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<