Mediatalks аясында жоба жеңімпаздарының алматылықтармен кездесуі кезінде «100 жаңа есім» жобасын жалғастыру туралы ұсыныс айтылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылықтармен кездесу барысында жоба жеңімпаздары сахнаға кезекпен шығып, өздерінің табысқа жету жолдарымен бөлісті, сондай-ақ, адамдарды өздерінің және өзгелердің де өмірін жақсарта алатындарына сендірді. Паралимпиада спортшысы Серік Есматов сөз сөйлеу кезінде адамдарды рухтандырып, «100 жаңа есім» жобасының маңыздылығы жайында айтып кетті. «20 жыл ішінде бір шындыққа көз жеткіздім. Айналаңды өзгерту арқылы өзіңді де, қоршаған ортаңды да өзгертетінің туралы ой одан сайын рухтандыра түседі. Өз өмірің мен өзгенің өмірін жақсартуда бір мән жатқандай. Мұның барлығын жасайтын сіз бен біз. Қарапайым болсақ та, жаһандық мәселелерді бірігіп, жұмыла шеше аламыз. «100 жаңа есім» жобасы барлығымызға Қазақстан қолынан барлығы келетін керемет адамдардың отаны екенін көрсетті деп ойлаймын. Мен біздің көп болғанымызды және осы сахнада біздің заманның батыры атанған адамдарды танығанымызды қалаймын. Жобаның екінші толқыны біздің елге жаңа есімдерді әкеліп, жетістіктер мен жаңа рух беретініне сенімім мол. Жоба ұйымдастырушыларынан жаңа есімдерді анықтауларын сұраймын! Мен, Серік Есматов, еш берілмеймін!» – деді спортшы. Жобаға оң көзқарас танытып, оның қоғамдағы рөлі туралы келесі қатысушы Азиз Заиров та айта кетті. «Біз қазір адамдарға жақындай түстік. Жобаларымыз іске қосылса, қоғамға пайдасын әкелер көп іс тындырамыз. «100 жаңа есім» тізіміне кірген екенмін, мұқтаж жандарға барынша пайдамды әкелу үшін тырысамын», – деді Заиров. Қазмедиа орталығының медиа мектебінің директоры, Қазақстанның 100 жаңа есімін іздеу бойынша бастамашы топтың өкілі, Media Talks ұйымдастырушысы Махаббат Есен. «Мемлекет өзінің батырларын біліп жатқаны және айтуға тұрарлық адамдардың бары – керемет. Халық өзі қаласа, жобаны жалғастыруға еш кедергі жоқ деп ойлаймын», – деді М.Есен.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<