«109» байланыс орталығы 24/7 жұмыс істейді

585

0

Шаһарда 2020 жылдан бастап барлық коммуналдық мәселелер бойынша қала тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдайтын «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Қызылорда облысы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла мәлімдеді.

– Бүгінгі таңда байланыс орталығы 62 мекемемен тығыз байланыста. Орталықтың басты артықшылығы – көптеген мәселелерді қашықтықтан шешеді. Инспектор-операторлар халықтан өтінімдерді тәулік бойы қабылдап, тиісті мекемеге жолдайды, орындалуын қадағалап, тұрғынмен кері байланыс орнатады. Тұрғындар 109 номеріне қоңырау шалу арқылы өзінің тұрмыстық өтініштерін жеткізе алады, – деді Сәбит Ибадуллаұлы.

Бүгінде байланыс орталығында тұрғындардың өтініш жібере алатын құралдар ауқымы кеңейтілді. Атап айтсақ, Call-орталық 109; көмек-109 мобильді қосымшасы (AppStore / Playmarket); WhatsApp +7 (771) 700 01 09: Telegram-бот: @kyzylorda109_user_bot, Instagram: qyzylorda_109, Facebook желілері арқылы өтінім қабылдайды.

– «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» веб-браузер арқылы өтінімдерді қабылдайды және өңдейді. Сондай-ақ, аймақтағы жедел жағдайды бақылайды. Байланыс орталығы осы уақытқа дейін 400 мыңнан аса қоңырау қабылдап, тиісті мекемелерге жіберген. Облыс тұрғындары тарапынан «109 – Бірыңғай байланыс орталығы» қызметіне келіп түсетін өтінімдердің тез және сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қала, аудан әкімдігінің дербес бөлімдеріне әдістемелік оқыту жұмыстары жүргізілген болатын. Атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беруде.

«109 – Бірыңғай байланыс орталығы» қызметінің мақсаттарының бірі тұрғындардың мәселелерін шешуде нақты бағдар беру болып табылады, – деді «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-і директорының міндетін атқарушы Руслан Бүркітбаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<