11-22 наурыз аралығы демалыс па?

420

0

11-22 наурыз аралығы демалыс па?Қазақстандықтар WhatsApp мессенджерінде 11-22 наурыз аралығында карантин жарияланғаны туралы ақпарат таратып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша карантинге байланысты 11-22 наурыз аралығы жұмыс күндері болып саналмайды», – делінген хабарламада. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің сөзінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 

«Бұл – фейк. Елдегі жұмыс күндерін қамтуды үкімет шешеді», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді.