11 айда Қазақстан экономикасы 4,9% өсті

879

0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтар-қараша айларындағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндады, деп хабарлайды Kazinform.

Министрдің айтуынша, биылғы қантар-қараша айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ға жеткен. Оның ішінде нақты сектор 3,5%-ке, ал қызмет көрсету саласы 5,6%-ке өсті.

«Салалар арасында ең жоғары өсім құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік және қоймалау қызметінде байқалды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 14,6% болды. Инвестициялар ағыны ақпарат және байланыста – 2,8 есе, көлік және қоймалауда – 58%, саудада – 34%, білім беруде – 17%, ауыл шаруашылығында – 11%, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 4,6% өсті», – деді Ә.Қуантыров Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Абай және Павлодар облыстарында байқалды.

«Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда тауар айналымы 2,6%-ке өсіп, 114 млрд доллардан асты. Экспорт 65 млрд долларға, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 21 млрд долларға жуықтады. Тауарлар импорты 49 миллиард доллардан асты. Жалпы, оң сауда балансы 15 млрд доллардан асты», – дейді Ұлттық экономика министрі.

Бұл ретте ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 8,4%-ке төмендеді. Ең көп төмендеуді Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары көрсеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<