Осылайша, ай көлеңкесі күннің бетін 23%-ға жауып, бұл шамамен 1 сағат 20 минутқа дейін созылады. Айта кеткен жөн, дәл осындай құбылысты қазақстандықтар.осыдан үш жыл бұрын тамашалаған екен. Андрей Солодовник, астрономия ғылымдарының доценті: – Осы аралықта сәулелердің белсенділігі өте жоғары болады. Сондықтан сақтық шараларын естен шығармау керек. Құбылысты арнайы құрылғының, не болмаса қоңыр әйнектің көмегімен тамашалау керек. Өйтпеген жағдайда көз жанарын зақымдап алуға болады.
11 тамызда Күн тұтылады
10.08.2018
353
0





