12 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары 22 сәуірде басталады

204

0

Фото: Сырдария ауданы әкімдігі

Аудан аумағында конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстары бойынша арнайы мәжіліс өтті.

Ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен аудан аумағында конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында жүргізілетін кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша тиісті сала мамандарымен арнайы мәжіліс өткізілді.

Мәжіліске Тереңөзек кенті және барлық ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде қатысты. Жиында залалсыздандыру жұмыстары бойынша бірқатар арнайы тапсырмалар берілді. Ағымдағы жылы барлығы 12 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары 22 сәуірінде басталады.

Осыған орай, тұрғындардан залалсыздандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыру үшін мал қораларына механикалық тазалық жұмыстарын жүргізуді сұраймыз!

Сырдария ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<