122 жүргізушіге жәрдемдесті

201

0

Жексенбіде күн райы күрт бұзылып, нөсерлі жауын арты қарға ұласып, жол қозғалысы тым қиындап кетті.  Республикалық «Самара-Шымкент» тас жолының Қызылорда қаласынан Төретам кенті аралығы уақытша жабылды. Әйткенмен, көлік қарасы үзілген жоқ. Жол сақшылары ұзын саны 122 жүргізуге жәрдемін тигізді.

Көктайғаққа байланысты кү­шейтілген кезекшілікке жұ­мылдырылған ЖПҚБ пат­руль­дік полиция қызметкерлері мұнан өзге «Ресей-Шымкент» бағытындағы үлкен сыйым­­дылық­ты автобус жүргізушілері мен жолаушыларын жол бойын­дағы дәмханаларға орналастырды. Жол қауіпсіздігі мен сәт­сіз жағдайлардың ал­дын алу мақ­са­тын­дағы шара нә­ти­жесінде бар­лығы 267 азаматқа көмек көрсетілді.

Осы күні 20 ав­то­көлік жол ше­тіне шығып қалды. Олардың қатарында Қармақшы ауданы аумағындағы Ақтөбеден Шымкентке жол тартқан «Шевроле Круз» автокөлігі бар. Рота инспекторлары бірнеше автокөліктің жүргізушілері мен жолаушыларына алғашқы көмек көрсетті. Зақымданған автокөліктерді жақын маңдағы көлік жөндеу орталықтарына жеткізді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<