Көпен Әмірбеков дүниеден өтті

1486

0

Журналист, сықақшы Көпен Әмірбеков қайтыс болды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Бауыржан Халиолла хабарлады.

«Жарық жалғаннан Көпен ағам да көшіпті… Сіз ажалға да әзілдеп, о дүниеге күліп қарап аттанған шығарсыз. Асылық айтсам Алла кешсін. Иманды болыңыз, сатира сардары, Алаш ардақтысы!!!» – деп жазды ол.

Айта кету керек, Көпен Әмірбеков 1950 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 1975 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келеді. «Қазақ әдебиеті«, «Егемен Қазақстан» газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, «Білім және еңбек», «Ара – Шмель» журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар қызмет істеген. «Ара» журналының бас редакторы, Қазақ радиосы директорының орынбасары болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<