13 сәуірден бастап шетелдіктер де ЖСН ала алады

331

0

Сурет: gov4c.kz

«Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру» жобасы шеңберінде енді шетел азаматтары Қазақстанның шетелдегі елшілі арқылы ЖСН ала алады, деп хабарлайды Zakon.kz. Жоба ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ЦДИАӨМ бірлескен бұйрығы бойынша іске асқан.

«Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша пилоттық жоба аясында енді шетел азаматтары Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері арқылы ЖСН ала алады» , – делінген құжатта.

Жобаның қолданылу мерзімі – 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін алады.

Азаматтың ҚР шет елдердегі мекемесіне жүгінген күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін азамат мекемеге өзі жүгінуі керек. Сонымен қатар, төмендегі құжаттар қажет:

  • форма бойынша өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы (егер ҚР халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп белгіленбесе, шетелдік паспортта жарамды).

Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатта кириллицада немесе латын әліпбиінде анықтама деректерінің (Тегі, Аты, Әкесінің Аты, туған жері) жазылуы болмаса, нотариат куәландырған құжаттың тиісті аудармасын қосымша алып келу керек.

Қолданылу мерзімі өткен құжаттар немесе толық емес құжаттар топтамасы ұсынылған жағдайда құжаттар қабылданбайды. 

Қызметті алушы қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін:

  • Құжаттарды тексеру
  • ХҚКО ИАЖ-да ЖСН қалыптастыруға өтінімді ресімдеу.

Өтінімнің дайын болу реттілігі: 

  1. ХҚКО ИАЖ-ға келіп түскен ЖСН қалыптастыруға байланысты өтінімдер толтырылады. 
  2.  Дайын формада көші-қон полициясының ақпараттық жүйесіне жіберіледі.
  3. ІІМ операторы келіп түскен өтінімдерді тексереді және өтінім дұрыс болған жағдайда ЖСН қалыптастыру рәсімін жүзеге асырады.
  4. Артынша, ІІМ операторы көші-қон полициясы арқылы ХҚКО ИАЖ-ға дайын ЖСН туралы мәліметтерді жібереді.
  5. Содан кейін консул тіркеу куәлігін басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Пилоттық жоба іске асырылатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің тізімі бекітілді. Оның құрамына республиканың 96 елшілігі мен консулдығы кірді.

Бұйрық 2024 жылғы 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<