14 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді

396

0

14 мемлекеттік сайт уақытша жұмыс істемейді Бірқатар мемлекеттік органдардың ресми сайты қолжетімсіз болады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы 23 ақпан сағат 21:00-ден бастап 24 ақпан сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыс жүргізіледі», – деп жазылған «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның Фейсбук парақшасында.

Осыған байланысты, келесі интернет ресурстар қолжетімсіз болады:

– «Электрондық үкімет» порталы;

– «Мобильді үкімет» қосымшасы;

– «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры;

– «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»;

– «Монополист» базасы сервистік бағдарламалық өнімі;

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты;

– Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты.