Наурызнама аясында
15 наурыз – Қайырымдылық күні болып белгіленген.
Облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы бюджеттен тыс көздерден және жанашыр азаматтарымыз, бизнес-құрылымдар, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 4 рет қайырымдылық шаралар өткізіліп, 23 мыңнан астам тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты қарттарға 320 млн теңгеге жуық қаржыға көмектер көрсетілді.
Бұл көмектер мүгедектігі бар, аз қамтылған, көп балалы отбасыларың коммуналдық шығындарын өтеуге, отын сатып алуға, ем алу үшін жол қаражатына қажетті ақшалай және азық-түліктей көмектерге бағытталды.
Аймағымызда бүгінгі күннен бастау алған жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған «Наурыз шапағаты» қайырымдылық шарасы облыс орталығында және барлық аудандарда өтуде.
Қайырымдылық күні аясында облыс бойынша барлығы 2000-ға жуық отбасы көмекпен қамтылмақ.
Қыстан шығып, көктемге аман жетіп, бауырмалдық, татулық, мейірімділікті дәріптейтін қасиетті күн Әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық әкелсін!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<