152 борышкер тұрақты жұмысқа орналасты

445

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінгі қоғамда алимент өндіру – өзекті мәселенің біріне айналды. Қазіргі таңда Қызылорда облысының сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіруге байланысты 12 мыңға жуық құжат болса, оның 9 мыңға жуығы мерзімінде орындалған.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Әділет департаментінің алимент саласы бойынша өкілі Руслан Әбдіршев хабарлады.

– Өздеріңізге белгілі, өкінішке қарай елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткішінің артуына байланысты алимент өндіру мәселесі күрделеніп барады. Қазіргі таңда жеке сот орындаушылардың өндірісінде 300-ге жуық құжат бойынша борышкерлердің берешегі жинақталған. Ал мәселесі күрделі алимент өндіру санатындағы құжаттар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында арнайы шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, үш айдан астам берешегі бар азаматтарды еңбекпен қамту бойынша арнайы жоспар бекітілген. Егер азамат алимент төлеуге қаржылық жағдайы төмен болса біздің департамент арқылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жолданады. Аталмыш жәрмеңке облыстық Әділет департаменті, облыстық прокуратура, Өңірлік палата және жұмыспен қамту орталықтары арқылы ай сайын ұйымдастырылуда. Бүгінде осы шара аясында 200-ге жуық борышкер жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, 152 борышкер тұрақты жұмысқа орналасты, – деді Руслан Құттымырзаұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<