16 мыңнан астам педагог жалақысына 50 пайызға дейін қосымша ақы алады

633

0

Сурет ашық дереккөзден

Аймағымызда 23 457 педагог еңбек етуде. Олардың 16 504-і аттестациялаудың жаңа форматының қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады.

Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Өңірімізде бүгінде жаңа форматтағы аттестация бойынша 5170 педагог-модератор, 7072 сарапшы, 4235 зерттеуші, 27 шебер бар. Ал ескі формат бойынша 1 832 педагог жұмыс жасауда.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<