1690 теңге қарызы үшін зейнеткер тұратын үйдің жарығын өшіріп кеткен

662

0

Фото: Pixabay.com

Ол жалғыз тұрады, еңбек ардагері, сондай-ақ 2 топтағы мүгедек. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақмола облысы бойынша өкіліне жергілікті қария электр қуатын қосуға көмек көрсетуді сұрап жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Арызданушының айтуынша, ол жалғыз тұрады, еңбек ардагері, сондай-ақ 2 топтағы мүгедек.

Маусым айының соңында үйіне оралған ол электр желісі қызметкерлерінің пәтеріндегі электр жарығын өшіріп жатқанын көреді. Зейнеткердің жарықты өшірмеу туралы өтініші еленбеген.

Уәкіл өкілі аймақтағы энергетикалық желі мекемесі басшысымен жеке телефон арқылы сөйлесіп, арызданушының 1690 теңге қарызы бар екенін анықтады.

Барлық мән-жай белгілі болған соң, зейнеткер өңірдегі өкілмен бірге, су электр станциясына келіп, қарызын төлеген. Қазіргі уақытта өтініш берушіге электр жарығы айыппұлсыз қосылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<