17 наурызда бір мезгілде барлық мектепте қазақ күйлері орындалады

771

0

17 наурыз күні еліміздегі барлық мектептер мен колледждерде бір мезгілде қазақ күйлері орындалады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Аман Сейтов айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, шара білім алушыларды ұлттық рух пен отансүйгіштікке тәрбиелеуге, елдің мәдени мұрасын сақтап, балалар арасында ұлттық музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған.

«Домбырашылар челленджі – балалар мен жастардың, мұғалімдер мен ата-аналардың музыкалық өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерін көрсету және домбыраны дәріптеу. Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Мұндай челлендж оқушылар арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Осы жұма күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта домбыраның қоңыр үні күмбірлейтін болады. Бұл – республиканың мәдени өміріндегі ерекше оқиға», – дейді Аман Сейтов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<