17 шілдеден бері шетелдік қанша көлік уақытша тіркеуге алынды

411

0

Сурет ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі Әкімші полиция комитеті басқарма бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Алтынбек Жамалиев 17 шілдеден бері 1 мыңға жуық шетелдік көлік уақытша тіркеуге алынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап бізде көлік құрылдарын тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 200 мыңнан астам көлік құралы нақты есепке қойылды. Оның 15 мыңы – қосалқы бөлшек ретінде кіргізілген көліктер. Ондай көліктерді тіркеуді біз 22 мамырдан бастаған болатынбыз», – деді ол ведомствоның онлайн брифингісінде.

Әкімшілік полиция комитетінің өкілі 17 шілдеден бері қанша автомашина уақытша есепке алынғанын мәлім етті.

«17 шілдеден бастап бүгінге дейін 1 мыңға жуық көлік құралын уақытша есептің тіркеуіне қойдық. Сонымен қатар 1,5 мың көлік құралы жақын арада тіркеуге дайын тұр. Яғни, олардың бәрін криминалистер тексеріп, құжаттарды әрі қарай Халыққа қызмет көрсету орталығына беруге дайын отыр.

Баршаңызды осы беріліп отырған мүмкіндікті жіберіп алмай, көліктеріңізді есепке қойдыруға шақырамыз. Ол үшін біздің Халыққа қызмет көрсету орталықтарында барлық мүмкіндіктер мен ақпарат бар», – деді Алтынбек Жамалиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<