Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) 17 жылдан кейін алғаш рет педиатр дәрігерлер бітірді.
Интернатураны бітіргені туралы дипломды 132 маман, оның ішінде халықаралық олимпиада мен конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ үздік белгісі бар диплом иегерлері алды.
Денсаулық сақтау жүйесінде педиатрия балалардағы ауруларды ерте анықтау мен емдеуді, профилактика мен вакцинациялауды, даму мен өсуді бақылауды, ата-аналарды қолдауды және балалар өлімін азайтуда шешуші рөл атқарады.
Резидентурада осы мамандық бойынша жоғары білімі бар кадрларды 8 медициналық ЖОО және 2 ғылыми-зерттеу институты даярлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын бакалавриатқа 500 мемлекеттік білім грантын, сондай-ақ өңір қажеттіліктерін ескере отырып резидентураға 153 грант бөледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<