18 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

281

0

18 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде  тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал, тек оңтүстікте және солтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және  таңертең   тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең – тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы  18 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с,  күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. 

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан,, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<