19 жастағы жігіт 17 жастағы түлекті 83 рет пышақтап өлтірген

567

0

Фото: tvsamara.ru

Ресейдегі Самара қаласында жантүршігерлік қылмыс болды. 19 жастағы ресейлік жігіт 17 жастағы түлекті 83 рет пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі tvsamara.ru-ға сілтеме жасап.

Күдікті қамауға алынды. Ол өзінің қылмысқа қатысы барын растады.

«Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2024 жылғы мамырдың 24-інен 25-іне қараған түні Самара қаласындағы ағасының тұрғылықты жерінде 17 жастағы қызға кем дегенде 60 рет пышақтаған, бойжеткен алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған», – делінген хабарламада.

Марқұм 17 жаста және ол күдіктімен бірге облыс орталығындағы ағасының пәтерінде болған. Ұсталған күдіктінің өзі жәбірленушіні 83 рет пышақтағаны белгілі болды.

Күдікті – 19 жастағы Тольятти қаласының тұрғыны. Ол қылмыстық идеологиясы бар тыйым салынған қауымдастықтың мүшесі болмағанын айтады. Оның денесінде татуировка көп, ал маңдайында бесбұрыш бейнеленген.

Жауап алу кезінде күдікті қылмысын мойындады.

«Мен оны ағамның пәтерінде пышақтап өлтірдім, аффект күйде болдым», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<