1901 жылы жасалған сағат әлі тоқтамай жүріп тұр

473

0

1901 жылы жасалған сағат әлі тоқтамай жүріп тұр Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмешіт» филиалында 2000-ға тарту құнды жәдігерлер сақтаулы тұр. Солардың бірі – жасалғанына бір ғасырдан астам уақыт өткен «Le Roi a Paris» сағаты. Француз тілінен аударғанда «Париж патшасы» деген мағынаны білдіретін бұл жәдігердің пайдаланылып келе жатқанына биыл 117 жыл толып отыр, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат әлі күнге дейін тоқтамастан жүріп тұр. Оны музейге Қызылорда қаласының тұрғыны табыс еткен. Сағат ерекше шеберлікпен құрастырылған. Бүгінге дейін толық сақталған. Кәдімгі үй жиһаздары секілді алыстан көзге түсетін асыл дүние өте мұқият жасалғаны аңғарылады. 

«Біздің қолымыздағы деректер бойынша бұл бұйым 1901 жылы жасалғаны белгілі. Сағат облыстық тарихи-өлкетану музейі қорына 2003 жылғы 20 маусымда тіркеуге алынған. 2004 жылдың 15 желтоқсанынан бастап бұл сағат құнды әрі сирек жәдігер ретінде біздің музейдің экспозициясына қойылды»,- дейді филиал меңгерушісі Кенжегүл Ахметова.

Сағатты жасаушылар шикізат ретінде қызыл ағашты қолданған. Сағаттың биіктігі – 1 метр, ені – 36 сантиметр.

Мұндай дүниелер өткен ғасырдың алғашқы кезеңінен бастап Германияда шығарыла бастаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<