«Евразия» спорт кешенінде «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Бәріңде жарысқа!» атты орта мектеп оқушылары арасындағы облыстық ақтық жарыс өткізілді.
Осымен жиырма төртінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Қызылорда қаласы мен 7 ауданнан 10 команда 230 спортшы 5 эстафеталық сайыс бойынша бақ сынасты.
Жарыс 3 кезең бойынша өтті. 1-ші кезеңі әр ауылдық округте іріктеу жарысы өткізілсе, 2-ші кезеңі жартылай финал жарыстары аудан орталықтарында өткізілді. Ал 3-ші кезеңі облыс орталығында финалдық жарыс өткізілді.
Нәтижесінде Қызылорда қаласының №198 орта мектеп командасы жарыстың жеңімпазы атанды.
Қызылорда қаласының №23 мектеп-лицей – екінші орынды иеленсе, қазалылық №249 орта мектебі – үшінші орыннан көрінді. Төртінші орынды – Сырдария ауданының №137, бесінші орынды – Қызылорда қаласының №235 орта мектеп командалары еншіледі.
Одан кейінгі орындарға № 250 (Қармақшы), №34 (Жалағаш), № 62 (Арал), №156 (Шиелі) және № 239 мектептер (Жаңақорған) ие болды.
Айта кетейік, былтырғы жылы №23 мекеп-лицей командасы бірінші орынды жеңіп алған болатын.
1-5 орындарды иеленген командалар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кубок, алғыс хат, медаль және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<