№2 бағытқа жаңа автобустар қосылады

1586

0

Фото: ашық дереккөз

Махамбет ауылы – Әл-Фараби көшелері арқылы қызмет көрсететін қалаішілік №2 бағыт бойынша жаңа автобустар халыққа қызмет көрсетеді.

«Аймақ басшысының қолдауымен қалаішілік бағыттар халыққа қолайлы қоғамдық көліктермен толығуда. Солардын бірі №2 бағыт, Махамбет ауылы тұрғындары үшін қала орталығымен жалғап отыр. Алдағы уақытта халықтын сұранысқа сәйкес басқа да бағыттар жаңа автобустармен толығатын болады», – деді серіктестік директоры Мақсат Жүсіп.

Аталмыш бағыт бұрынғы жол сызбасымен жүретін болады.

Айта кетейік, бүгінде серіктестік – №1, 3, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 22, 23, 25, 28, 29, 30, 31 қалаішілік бағыттары және «Ягодка», “ПМК-29”, “ПМК-66”, «Прудхоз» саяжайлары бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<