2 күн ішінде 1144 құқық бұзушылық анықталды

204

0

  Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері 24-28 шілде күндері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Көлік құралын мас күйінде басқару, жолдың қарсы бағытына шығу, жылдамдық режимін бұзу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту ережелерін бұзу деректерін анықтауға 300-ден астам қызметкер жұмылдырылды.

Профилактикалық шара өткізу кезеңінде қызметкерлер жол қозғалысы ережелерінің 1144  бұзушылықтың жолын кесті. Жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралдары тарапынан 12 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтар анықталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<