2 мамырға арналған ауа райы болжамы

256

0

«Қазгидромет» РМК атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, найзағай ойнап, оңтүстікте шаңды дауыл тұратынын мәлім етті.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында найзағай болады.

Алматы, Қарағанды облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында, түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейіп, найзағай жарқылдайды.

Қызылорда облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<