2018 жылдың ең танымал әрі сәтсіз құпиясөздері

186

0

SplashData компаниясы 2018 жылдың ең танымал құпиясөздерінің рейтингін жариялады. Аталған компания бұл рейтингті сегізінші жыл қатарынан түзіп отыр, – деп жазады Массагет.кз. 
Интернет қолданушыларының бұл құпиясөздері танымал ғана емес, сәтсіз әрі бұзып ашуға оңай құпиясөздер болып та саналады. Әйтсе де адамдар есте тез сақталатын құпиясөздерді таңдайтыны жасырын емес. SplashData мамандары 2018 жылы бұзып ашылған интернет қолданушыларының құпиясөздерін сараптамадан өткізген. Нәтижесінде түзілген рейтинг бойынша, ең танымал әрі сәтсіз құпиясөздер көшін «123456» бастап тұр. Бұл құпиясөз бесінші жыл қатарынан көш басында келеді.
 Биыл ең көп қолданылған құпиясөздер қатарына donald, sunshine және princess қосылған. 2018 жылдың ең танымал 25 құпиясөзі: 1. 123456 2. password 3. 123456789 4. 12345678 5. 12345 6. 111111 7. 1234567 8. sunshine 9. qwerty 10. iloveyou 11. princess 12. admin 13. welcome 14. 666666 15. abc123 16. football 17. 123123 18. monkey 19. 654321 20. !@#$%^&* 21. charlie 22. aa123456 23. donald 24. password1 25. qwerty123

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<