2017 жылы Пушкаш сыйлығын Оливье Жиру иеленді. Ал оған дейін бұл марапаттарға Роналду (Португалия), Хамит Алтынтоп (Түркия), Неймар (Бразилия), Мирослав Стох (Словакия), Златан Ибрагимович (Швеция), Хамес Родригес (Колумбия), Венделл Лира (Бразилия) және Фаиз Субри (Малайзия) сынды ойыншылар ие болған еді. Бір қызығы 2010 жылы Пушкаш сыйлығына ие болған Хамит Алтынтоп үздік голын Қазақстан құрамасының қақпасына соққан. Түрік футболшысын қазақстандық қақпашы Андрей Сидельников FIFA кешіне арнайы барып марапаттаған болатын.
massaget.kz





