2018 жылы қазақстандықтар интернетте не іздеді?

335

0

Google, Youtube және Яндекс іздеу жүйелері қазақстандықтарды 2018 жылы ең көп қызықтырған сауалдар тізімін ұсынды,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
 Әлемнің жетекші іздеу жүйелері жыл соңында пайдаланушылардың ең көп қойған сауалдарын жариялады. Биыл қазақстандықтар Google-дан ең көп іздегені – жылдың басты оқиғаларының бірі Ресейде өткен «2018 жылғы әлем чемпионаты» болды. Сондай-ақ сауалдардың бірінші ондығында «Күнделік»  электрондық күнделігі, «Мажор», «Рублевкадан шыққан полицей», «Аққан жұлдыздар бағы» сериалдарының түрлі маусымдары және «Сүрбойдақ» ТВ-шоуы бар. Бұдан басқа, Google-дың қазақстандық пайдаланушылары 2018 жылғы фильмдер, қазақша-орысша сөздік және 2018 жылғы мұсылмандар оразасының кестесін іздеген. Қайғылы қазасы Қазақстанды ғана емес, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген  танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен іздеу жүйесінде «Жыл тұлғасы» атанды. Екінші орында биылғы жылдың жазында қайтыс болған америкалық боксшы Xxxtentacion-ның есімі тұр. Іздеу жүйесіндегі ең танымал тұлғалар үштігін UFC-дің аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионы, ресейлік спортшы Хабиб Нұрмағамедов тұйықтаған. Бұдан басқа, қазақстандықтар Стивен Хокинг, Меган Маркл, Стэн Ли, Конор Макгрегор, Иосиф Кобзон, Хорватия президенті, сондай-ақ Олег Табаков туралы мәлімет іздеген.  Ал фильмдер арасында Өрмекші адамның қас дұшпаны – қатыгез құбыжық Веном туралы кинокомикс көш бастап тұр. Бұдан басқа, үздік 10 фильмнің тізіміне комикстер негізінде құрылған бірнеше фильм кірген:  «Кек алушы: Шексіз соғыс», «Дэдпул 2» және «Қара пантера». Сондай-ақ қазақстандықтар «Құбыжықтар демалыста 3» мультфильмі,  «Сұрдың 50 реңкі» романының жалғасы, «Өрге қарай қозғалыс» спорт драмасы, «Фантастикалық мақұлықтар: Гриндельвальд қылмыстары» фантастикалық фильмі туралы ақпарат іздеген. Отандық фильмдердің ішінде ең көп ізделгендері: «Америкадағы қазақша бизнес» және «Аға немесе неке» картиналары.   «Жыл сериалы» категориясында қазақстандықтарды ең көп қызықтырған – «Мажор-3» сериалы. Сондай-ақ 2018 жылы елімізде «Рублёвкадан шыққан полицей», «Аққан жұлдыздар бағы», «Ивановтар Ивановтар» және «Гранд Лион» сериалдары танымал болды.   Сондай-ақ биыл Қазақстанда Google пайдаланушылары арасында ең танымал ТВ-шоу «Сүрбойдақ» шоуының 6-шы маусымы болды. Бұдан басқа, отандастарымызды «ТНТ-дағы әндер», «Бузоваға тұрмысқа шығу», «Экстрасенстер айқасының» 19-шы маусымын, «Евровидение 2018» және «Үй 2» ерекше қызықтырды. Қазақстандық ТВ-шоу арасында ең танымал болғаны – «Қалаулым». 2018 жылы «Жылдың үздік сатылымы» санатында тағы да теміржол билеттері жеңімпаз болды. Сондай-ақ қазақстандықтар Алматыда тұрғын үй, ұшақ немесе киноға билет, Қарағандыда велосипед және пәтер  сатып алу туралы ақпаратты көп іздеген. Youtube-қа келетін болсақ, музыкалық видеолардың арасында 2018 жылы Қазақстанда ең көп қаралғаны – оралдық дуэт «Райым мен Артурдың» «90-жылдарғы дискотека» бейнебаяны. Бұл тізімде сондай-ақ орналасқан клиптер: Alem Band – Қалауым, Jah Khalib – Медина, Қайрат Нұртас & Заңғар Нұртас – My Universe, KeshYou & Baller – Swala La La («Сиситай» фильміне ОST), Егор Крид feat. Филипп Киркоров – Көңіл-күйімнің реңкі қара, BN x Raim & Artur – Ең тамаша, Ka Re – Жан жарым, Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова – Қоштасудың қиын-ай и Адлер Коцба, Timran – Жарымның иісі YouTube іздеу жүйесі арқылы Қазақстанда ең танымал болған видео – отандық «Аға немесе неке» комедиясы. Сондай-ақ тізімге «Өнер қырандары» театрының көрсетілімдері, комедиялық скетчтер кірген. Яндекс те биылғы жылы Қазақстан тұрғындарының ерекше назарында болған тақырыптар тізімін жариялады. Есептеу бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан 19 қарашаға дейінгі сұрау туралы мәліметтер алынды. Яндекс-тің нұсқасы бойынша, қазақстандықтар үшін ең танымал оқиғалар –  футболдан Әлем чемпионаты, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада, Нұрмағомедов пен Макгрегордың жекпе-жегі болды. Ең танымал тұлғалардың арасында Хабиб Нұрмағомедов, Ноа Сайрус, Аман Төлеев және отандасымыз Нәзима Жәнібекова бар. Ең танымал фильмдер – «Кек алушылар: Шексіз соғыс», «Веном» және «Дэдпул 2». Музыканттар арасында Raim & Artur дуэтінің «Ең биік мұнара» әні көш бастап тұр. Айта кетейік, таяуда әртістер «Жыл таңдауы» сыйлығын алды, оны жас әншілерге ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев табыстады. Авторы Альберт Ахметов

inform.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<