2019 жылы елімізде құжат жасату құны қалай өзгерді?

274

0

Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың 2019 жылы құжат жасатуға қанша ақша жұмсайтынын анықтады.
 «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметінше, 2019 жылы АЕК өзгергеніне байланысты құжат жасату құны да біршама өзгерген: жеке куәлік – 505 теңге; паспорт – 20 200 теңге; Айта кетейік, Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында паспортты бір жұмыс күні ішінде 5135 теңгеге жасатуға тапсырыс беруге болады, ал үш жұмыс күні ішінде жасатуға 2905 теңге төлейсіз.  – жүргізуші куәлігі – 3150 теңге;  – көлік құралын тіркеу туралы куәлік – 3157 теңге;  – туу туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге;  – неке қию туралы куәлікті қайта жасату – 2525 теңге Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері ХҚКО-лар мен Арнайы ХҚКО-ларда құжат рәсімдеуге банк комиссиялары да барын ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<