2019 жылы PlayStation 5 шығуы мүмкін

309

0

2019 жылы PlayStation 5 шығуы мүмкін Соңғы жылдары электроникалық техникаларға бақылау жасап, сараптама жұмыстарын жүргізетін кәсіби сарапшылар бұл ойын аппараты туралы желіде көп болжам жасап жүр. Осы мәселеге байланысты Sony компаниясы ресми түрде хабарлама дайындап, сайт және де басқа компанияға тиесілі парақшаларда бұл хабарды жариялады.
 Компания басшылығы хабарламаға былай деп жазды: «Sony PlayStaion 5 қазіргі уақытта құрастырылып жатқаны рас. Алайда, бұл құрылғы 2021 жылға дейін толыққанды дайын болмайды. Сондықтан, бұл турасында айтылған ақпараттарға сене бермеңіздер». Бұл хаттың ресми түрде таралғанына қарамастан, Ace Economic Research компаниясының сарапшысы Хидеки Ясуда желіге өз болжамын жариялады. Мұндағы ақпараттар бойынша, Якуда PlayStation 5 аппаратының алдымыздағы жылдың соңында шығатынына 100 пайыз сенімді.
 Оның болжамы электроника бөлшектерін дайындайтын Murata Manufacturing, TDK компанияларының мәлімдемесіне сүйене отырып дайындалған. Жапониялық компания басқа фирмалық тауарларына қарағанда PlayStation ойын консолдарына айтарлықтай көңіл бөледі. Тіпті, дағдарыс кезінде PlayStation үшін Sony өзге өнімдерінен бас тартқан еді.

massaget.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<