2023 жыл қорытындысымен үздіктердің үздігі анықталды

634

0

Фото: ТЖД

Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Олжас Тұрсынбайұлы Тұрсынбаев азаматтық қорғау органдарында 2019 жылдан бастап қызмет атқаруда.

Қызметін адал атқарғаны және қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқаны үшін 2023 жылдың қорытындысымен жылдың ең үздігі және бейбіт күннің батыры номинациясымен марапатталды. Марапат халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ел игілігі үшін аянбай еңбек еткені және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюда атқарған жұмысының нәтижесі.

Ол «Liberty Kazakhstan» Қызылорда фронт офис еріктілері, «Қызылорда еріктілері» тобымен бірге қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу мен жою мақсатында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесуге атсалысып келеді.

Көпбалалы отбасында дүниеге келгендіктен көпшілікпен еңбек еткенді жақсы көреді.

Олжас Тұрсынбайұлы әрқашан көмекке дайын. Ол үшін халықтың алғысы мен ыстық ықыласынан артық мәртебе жоқ.

Қызылорда облысы ТЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<