2023 жылы Қазақстанда қанша адам өндіріс орнында қаза тапты

1096

0

Сурет: rawpixel

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылдың басынан бері Қазақстанда өндіріс орнында қанша адам жарақат алып, қаншасы қаза болғаны жөнінде баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов 2018 жылдан 2022 жылға дейін, яғни 5 жылдан астам уақыттан бері өндірісте зардап шеккендердің саны 6,5%-ға төмендеді. Ал қаза болғандар саны 8,4%-ға азайған.

«Жыл басынан бері 1 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі кәсіпорындарда 1119 адам зардап шекті, бұл өткен жылдың оыс кезеңіне сәйкес келеді. Өндірісте қаза болғандар саны 12%-ға өсіп,175 адам болды», – деді Төлеген Оспанқұлов

Оның айтуынша, еліміздің өндірістік аймақтарында өндірістік жарақаттану деңгейі жоғары болып тұр, бұл Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары, Абай облысы және Алматы қаласы. Салалар бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешені мен құрылыс саласында тіркелген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<