2023 жылы Қазақстанда зейнет жасы төмендеуі мүмкін

2102

0

Келесі жылы Қазақстанда зейнет жасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет кулуарында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AstanaTV-ға сілтеме жасап.

Бұл мәселе 2022 жылдың соңында шешіледі. Әзірше Қазақстанда ерлердің зейнет жасы – 63, әйелдердің қазіргі уақыттағы зейнет жасы – 60,5, одан әрі 2027 жылы 63 жасқа дейін біртіндеп артады.

– Әлеуметтік кодекс аясында осы мәселелердің барлығын талқылаймыз. Жыл соңына дейін шешеміз, – деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<