2023 жылы қазақстандықтарға ең көп грин-карта берілді

294

0

Фото: Pixabay.com

Өткен жылы 930 қазақстандық АҚШ азаматтығын алды. АҚШ-тың инвестициялық иммиграциясының 2023 жылға шолуына сәйкес, ТМД елдерінде АҚШ төлқұжаттарын алушылардың саны 2022 жылмен салыстырғанда азайған.

Америка азаматтығын алу жағдайларының ең көп төмендеуі Украина азаматтары (-7%), Ресей Федерациясы азаматтары (-2,8%), Қазақстан азаматтары (-1,5%) арасында байқалады.

Қазақстандықтар арасында 2023 жылы (2022 жылмен салыстырғанда) жасыл карта алғандар саны артты. Қазақстан азаматтары 2023 жылы 2610 грин карта алса, 2022 жылы оларға небәрі 1637 грин карта берілген.

2023 жылы Қазақстан азаматтары соңғы 13 жылмен салыстырғанда ең көп иммиграциялық виза алды. Құжатта атап өтілгендей, оларға 1708 иммиграциялық виза берілген (бір жыл бұрын 1115).

Өткен жылы сондай-ақ ТМД елдеріне берілген иммиграциялық емес визалар саны да артқан. Мұндай визалар азаматтарға туризм, іскерлік, оқу немесе мәдени алмасу мақсатында беріледі. Қазақстан азаматтарына 2022 жылға қарағанда иммиграциялық емес визалар 45 пайызға көп берілді.

Сондай-ақ, алмасу бағдарламасы аясында (J1) қазақстандықтарға студенттік визалар бөлінді, оларды 4098 азамат рәсімдеді, ал 1562 адамға тұрақты студенттік виза берілді.

Сонымен қатар, 2023 жылы Қазақстан азаматтарына иммиграциялық емес визаларды беру статистикасы мемлекеттік немесе университет қаржыландыратын студенттермен алмасу бағдарламаларына қатысушыларға берілетін кіру рұқсаттары санының артқанын көрсетеді, ал тұрақты F1 студенттік визаларын беру 2022 жылмен салыстырғанда төмендеді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, 2023 жылы өтініш жіберген Қазақстан азаматтарының 41,93 пайызына виза берілген жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<