2024 жылдан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы қаншалықты ұлғаяды

871

0

Сурет: Zakon.kz

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 27 желтоқсан күні бұл өзгеріс қанша адамды қамтитынын мәлімдеді.

«ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскердің, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, бірінші кезекте ЕТЖ арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<