Түркия футбол федерациясы Еуропалық футбол одағы қауымдастығына (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу жөнінде өтінім берді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
«Біз УЕФА бас хатшысына – 2004 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу жөнінде өтінім бергенімізге қуаныштымыз»,- деді Түркия футбол федерациясының президенті Йылдырым Демиререн. «Сондай-ақ мен федерация өз тарихында мемлекеттің қолдауымен үздік өтінім дайындағандығын хабарлағым келеді. Барлығы ескертусіз, қосымша және инновациялық алдын ала кепілдемесіз ұсынылып отыр. Бұл турнирдің қаржылай табысқа жетуін қамтамасыз етпек және УЕФА-ға кіретін қауымдастықтарға сөзсіз пайда әкелетін болады». Айта кетсек, 2024 жығы Еуропа чемпионатын өткізуге Германия да үміткер болып отыр. Еуропа чемпионаты бұл елде бір рет – 1988 жылы өткен. Ал 1974 және 2006 жылдары әлем чемпионаты болды. Түркия 2016 жылы Еуропа чемпионатын өткізуге үміткер болған еді. Бірақ қорытындысында Францияға бұйырды. УЕФА Атқарушы комитеті Еуропа 2024-тің иесі болатын елге байланысты шешімді 2018 жылғы қыркүйекте шығаратын болады. Турнирді өткізу үшін барлық талапқа сай тоғыз немесе он стадион болуы тиіс. Олардың екеуі немесе үшеуінің сыйымдылығы 50 мың адамнан кем болмауы қажет. Сондай-ақ үш стадион – 40 мыңдық, ал тағы төрт арена кем дегенде 30 мың көрерменге лайық болуы керек.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<