Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында 2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің орындалуы және жылдық жоспарлардың жүзеге асу көрсеткіштері қаралды.
«Ауданда биыл ауқымды жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен бірқатар инфрақұрылымдық жобалар сәтті жүзеге асты. Макроэкономикалық көрсеткіштерде оң өсім қалыптасты. Халықтың ынтымақ-бірлігінің арқасында көптеген игі істер нәтижелі орындалды. Алдағы жылы да маңызды жобалар күтіп тұр. Осы бағытта бірлесіп еңбек еткен барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Келе жатқан Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын! Мереке күндері коммуналдық қызмет үздіксіз жұмыс істеуін тапсырамын. Тұрғындар жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуы тиіс», – деді А.Ибраимов.
Жиында барлық салалар бойынша жылдық көрсеткіштер сараланып, келер жылға арналған нақты міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, коммуналдық салада мереке күндері іркіліс болмауы қатаң тапсырылды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі






