2025 жылға дейін елімізге 51 жаңа ұшақ жеткізіледі

601

0

2025 жылға дейін Қазақстанға 51 жаңа ұшақ жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2025 жылға дейін 51 ұшақ алуды жоспарлап отырмыз. Биыл жеткізілуі тиіс 14 ұшақтың бесеуін алдық. Жаңа ұшақ екі күн бұрын жеткізілді. 2030 жылға дейін паркті 80 ұшақпен толықтыру жоспары бар», – деді Қ. Өскенбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарланғандай, Индустрия министрі ұшақтардың рейске кешігіп шығуы мәселесіне пікір білдірді.

Оның айтуынша, әуе компаниялары осы саладағы кемшіліктерді түзетіп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<