2025 жылы 7 макроэкономикалық көрсеткіш бойынша өсім қалыптасты

7

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Өткен жылы ауданның экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. 7 макроэкономикалық көрсеткіш бойынша өсім бар.

2025 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 53,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3 пайызға артық орындалды.

Барлық салық пен басқа да түсім түрлерінің болжамының орындалуы 8,2 млрд. теңге немесе 106,3 пайызға тұрақтады. Оның ішінде, аудандық бюджетке түсім 4,9 млрд. теңгені құрап (болжам 4,6млрд. теңге), 105,9 пайызға орындалды.

2025 жылдың қорытындысымен өнеркәсіп өндірісінің көлемі 37,5 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 108,6 пайыз болды.

2025 жылы аудан көлемінде жалпы құны 9 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылады деп Жоспарланды. Оның ішінде құны 3, 2 млрд теңге болатын 4 жоба іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Олар: «Ase Invest» ЖШС-нің «Тұрмысқа қажетті құрғақ ұнтақтар өндіру» жобасы, Сексеуіл жолындағы «Sinooil» ЖШС-нің жанар-жағармай құю бекеті, «Қарашалаң балық» зауыты және «Petro Retail RFS» ЖШС-нің «Жол бойы қызмет көрсету орталығы.

Арал ауданы әкімдігі